«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білімді бірді жығады, білікті мыңды жығады» - деп халқымыз бекер айтпаса керек.
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытып, дарынды да білімді балаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Кішкентай білгірлер» интеллектуалдық танымдық олимпиадасының аудандық кезеңіне №3 Алға қазақ орта мектебінің 4 класс оқушыларынан құралған «Жалын» кішкентай білгірлер тобы қатысты. Өз біліктіліктері мен білімдерін көрсетіп бас жүлдеге ие болып, облыстық кезеңге жолдама алған болатын.
Ақтөбе қаласы №14 ОМ базасында өткізілген облыстық «Кішкентай білгірлер» интеллектуалдық командалық олимпиада қорытындысы бойынша Алға ауданы атынан қатынасқан №3 Алға қазақ орта мектебінің «Жалын» тобы жүлделі III орынға ие болды.
Топ мүшелері: Еркін Айша 4«А»класс, Хайыр Асылзат 4«Ә»класс, Сүндетбаев Айдын 4«Б»класс, Еділқызы Інжу 4«В»класс оқушылары. Жетекшісі: Калдыгулова Гульзина Келисовна.


